Уақыт белдеуінің ауысуына байланысты тиісті түсүндіру жұмыстары. » №2 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданының білім бөлімінің
«№2 орта мектебі»
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Уақыт белдеуінің ауысуына байланысты тиісті түсүндіру жұмыстары.
29
февраль
2024

Уақыт белдеуінің ауысуына байланысты тиісті түсүндіру жұмыстары.


УАҚЫТ  БЕЛДЕУІНІҢ АУЫСУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ  ТИІСТІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 Қаулысы негізінде ағымдағы жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні (сағат 00 де) жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа ауыстырылады.  Яғни, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады. 
Осыған орай, облыс аумағындағы барлық аудандық, қалалық білім бөлімдеріне ақпараттық хат жолданып, білім мекемелері басшылары тарапынан білім алушылар мен олардың ата-аналарына, заңды өкілдеріне, педагогтерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулысы
«Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы
№ 1749 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының уақыт пен жиіліктің мемлекеттік бастапқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін уақытты есептеу сағаттық белдеулердің халықаралық жүйесі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін.»;

3 және 3-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады.

3-1. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы
29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын.».

2.   Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі халықты Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы хабардар етсін.

3.   Осы қаулының қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін
2-тармағын қоспағанда, осы қаулы 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                              Ә. Смайылов
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив