Біз туралы » Страница 21 » №2 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданының білім бөлімінің
«№2 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жасөспірім" рейдтік шаралары ұйымдастырылды.
20
июнь
2022
"Жасөспірім" рейдтік шаралары ұйымдастырылды.
Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн” Ұлттық ақпараттық науқаны аясында кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбегін пайдаланудың алдын алу және болдырмау мақсатында  “Жасөспірім” рейдтік шаралары ұйымдастырылды. Рейд барысында ауылымыздағы сауда дүкендері, кафе, жанармай бекеттері тексерілді. Рейд барысында аталған бағытта құқықбұзушылық фактілері анықталған жоқ. балаеңбегінқанауғақарсы12күн
Мектебімізде  оқу жылының аяқталуына арналған "Соңғы қоңырау" соғылды
25
май
2022
Мектебімізде оқу жылының аяқталуына арналған "Соңғы қоңырау" соғылды
25 мамыр күні  мектеп оқушыларымыз үшін сыңғырлап соңғы қоңырау үні соғылды. Бүгін №2 орта мектебімізде  оқу жылын үздікке аяқтаған оқушылар мақтау қағаздарын алып, жыл бойы үздік нәтижеге қол жеткізген оқушылар  үздіктер шеруінде сап түзеді. Балалықтың соңғы әні, соңғы биі деп 11 сынып оқушылары мектеп вальсін биледі.
Отбасы- әлеуметтік берекенің негізі.
17
май
2022
Отбасы- әлеуметтік берекенің негізі.
Отбасы- әлеуметтік берекенің негізі.  13.05.2022 күні мектебімізде ата-ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету, отбасындағы еңсесі биік ұлдар мен қыздарды тәрбиелей отырып, құндылықтарын сақтауға үйрету, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің маңызын түсіндіру мақсатында ата-аналармен кездесу өтті.  Ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы- отбасы болса, отбасының іргесі-бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып өседі.
28.04.2022 сағат 11.00-де "Балалар жылына орай, "Көктемгі эстафета" атты спорттық жарыс өтті.
11
май
2022
28.04.2022 сағат 11.00-де "Балалар жылына орай, "Көктемгі эстафета"
28.04.2022 сағат 11.00-де "Балалар жылына орай, "Көктемгі эстафета" атты спорттық жарыс өтті.  Мақсаты: 1. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық  ойынға қызығушылығын арттыру. 2. Оқушыларды жаман  әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа баулу. 3. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту. Қамтылған бала саны -45оқушы. Жарыс нәтижесі бойынша жеңіске жеткен командалар Алғыс хаттар мен марапатталды.
"Бала-бақыт, бала-байлық" тақырыбында мектебімізде 08.02 күні балалар жылының ашылу салтанаты өтті.
06
май
2022
"Бала-бақыт, бала-байлық" тақырыбында мектебімізде 08.02 күні балалар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттілігін атай келе, 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады. "Бала-бақыт, бала-байлық" тақырыбында мектебімізде 08.02 күні балалар жылының ашылу салтанаты өтті.