Мектеп асханасы акциясы » №2 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданының білім бөлімінің
«№2 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп асханасы акциясы
24
январь
2020

Мектеп асханасы акциясы

Мектеп асханасы акциясы барысында Алматы облысы Іле ауданы Екпінді ауылындағы №2 орта мектебінде оқушылардың тамақтануына аса көңіл бөлінеді. Сынып жетекшілерінің тарапынан 1-11 сынып аралығында тамақтану бойынша «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі», «Ас - адамның арқауы», «Тамақтану мәдениеті», «Дәрумендердің пайдасы» тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі.Сыныптарда ата-аналар жиналысында тамақтану туралы баяндамалар оқылып, тренингтер жүргізіледі.Мектеп асханасында оқушы денсаулығына пайдалы тағамдар соның ішінде сүт тағамдарынан жасалатын ботқа, сорпа, кептірілген жемістен жасалған шырын, балғын көкөністерден жасалған салаттар жасалынады.Мектеп медбикесі Мамишева М.А. «Дұрыс тамақтану неліктен маңызды?» және т.б.тақырыптарында мектеп оқушыларының арасында созылмалы аурулардың алдын алу және пайда болу қаупін азайту шараларына байланысты диктант, сауалнамалар үнемі алып отырады.
Осыған орай мектеп асханасында адам ағзасына зиян келтіретін азық-түліктерді сатуға тыйым салынғаны, сатылымнан алып тасталғаны жайлы айтылды. Ата-аналарға оқушылардың уақтылы ыстық тамақпен және құрамында адам ағзасына пайдасы бар дәрумендер қосылған тамақпен тамақтануға кеңес берілді. Сонымен қатар оқушылардың бос уақытында таза ауада салауатты дем алуына және уақытты тиімді пайдалану жолдары айтылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив