2018-2019 оқу жылына психологиялық қызметінің атқарған жұмысына » №2 ОРТА МЕКТЕП
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2018-2019 оқу жылына психологиялық қызметінің атқарған жұмысына
29
декабрь
2019

2018-2019 оқу жылына психологиялық қызметінің атқарған жұмысына





2019 оқу жылына психологиялық қызметінің атқарған жұмысына жылдық есебі

Алғаш мектеп табалдырығын аттап келген балалармен мектепке дайындығын зерттеу барысында төмендегідей психологиялық диагностикалар жүргізілді. «Керн Йирасик тесті», «Баспалдақ» әдістемесі», «Мен мектепке» әдісі», «Графикалық диктант», «Үлгі және ереже» әдісі.
Мектепке бейімделуі және мектепке дайындығын анықтау. Мектеп неврозы,дамуының алғашқы сатысын, оның себебін және түзету әдістемесін анықтау. Яғни көптеген балаларға мектепке бейімделу қиынға соғады. Мектепке келу әр баланың өміріне өзгеріс енгізеді. Мектепке дейінгі шақта оның өмірінде ойын маңызды болса, енді ол көптеген талаптар мен міндеттерге толықты. Бірінші сынып оқушылардың психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін байқау мақсатында Керн-Ийрасиктің әдістемесін өткізуден басталды. Тест үш тапсырмадан тұрады: Ер адамның суретін көшіріп салу.Үш сөзден тұратын қысқа сөйлемді көшіріп жазу.Көп нүктелердің суретін көшіріп салу. Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық сипаттамасы төмендегідей параметрлер бойынша жүргізілді: Бала туралы жалпы мәліметтер. Баланың жанұядағы өмірінің ерекшеліктері. Ойын баласының негізгі іс-әрекеттері. Жеке танымдық процестерінің ерекшеліктері.Мектепке дейінгі баланың қызығушылығының ерекшеліктері. Тәртібіне жалпы сипаттама.Балалармен қарым-қатынасы. Мінезінің ерекшеліктері. 4-5 сыныптар арасында оқуға бейімделуі тексерілді. Бейімделуін тексеруіне байланысты психологиялық диагностикалық жұмыс мына бағытта жүргізілді. Тұлғаның өзін-өзі бағалауын анықтауТаным белсенділігі тесті. Сыныптастарымен қарым-қатынасын анықтау. Оқушының темпераментін анықтау. Оқу мотивациясын анықтау. Мұғалімге, пәнге деген мотивациясы
Ауыспалы кезең яғни сыныптан сыныпқа ауысу кезеңіндегі тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін зерттеп, кездесетін психологиялық сәтсіздіктерін болдырмаудың жолын іздестіру. Орта буын 5-сынып оқушыларымен мектептегі адаптацияларын, оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу мақсатында «Таным белсенділігі» тесті, сыныптастарымен қарым-қатынасын анықтау мақсатында «Социометрия» жүргізілді, оқу, мұғалімге, пәнге деген мотивациясы, және оқушылардың темпераментін айқындау осы бағытта жұмыстар жасалынды. Және де сынып оқушыларының таным процесінің даму деңгейін диаг-ностикалау. Мақсаты: Оқушылардың орта топ буында оқуға дайындығын анықтау, білім деңгейін тексеру, жас ерекшелігіне қарай психологиялық ахуалын байқау, психологиялық көмек көрсету. Бастауыш сыныпты аяқтап, орта буынға
өтуде балаларда әртүрлі қиындықтар кездеседі. Төрт жыл бойы бір ғана мұғаліммен оқып, білім алса, енді әр пәннен әр түрлі мұғалім келеді.
Орта буынға өтуге алаңдаушылық, өзін-өзі көрсетуден қорқу, Білімін тексеруден қорқу, Шығатын нәтижеден қорқу, Әр түрлі пән мұғалімдеріне үрей, Стресті көтере алмау. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын тексеруге арналған «Оқушылардың оқу процесін анықтау» әдістеме бойынша жүргізілді. «Мектепте маған не ұнайды?» сауалнамасы
«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі». «Менің сыныбым» суреттік тестілеу
Баланың психикалық даму ерекшелігін, жеке басындағы білімі, мектепке деген бейімділігін анықтау, әрі қарай жетілдіру. 6,7,8 сыныптар арасында оқу танымдық қызығуын бақылау барысында оқушылар қызыға жауап берді. Мектепке деген көзқарасы, ұстаздармен қарым-қатынасы туралы сұрақтарға толық жауап алынды, топішілік қарым-қатынас ерекшеліктерін және сыныптағы психологиялық қарым-қатынасты анықтау мақсатында сауалнамалар алынды.
Пәнге, адамдарға, қоршаған ортаға деген көзқарасын дамыту.
9-сынып оқушыларының кәсіптік бағыттарын зерделеу бағдарламасының орындалуын тексеру барысында 10-сыныпты жалғастыратын оқушыларға таңдау бағыттарын анықтау мақсатында диагностика, сауалнама, тесттер алынды. 9-сынып оқушыларының бағыттылығын диагностикалауға арналған сауалнамалар жүргізілді, еркін тақырып бойынша «Болашақта кім болам?» атты шығармалар жаздырылды. 10-сыныптардан ақыл-ойдың дамуын анықтау тесті жүргізілді. Түрлі мамандықтар салалары яғни 80 түрлі мамандықтар ішінен өзіне ұнамды мамандықты белгілеу барысында мұнда архитектор, экономист, тілші, журналист көбінесе дәрігер мен мұғалім мамандығын таңдаған оқушылар көп кезікті. Табандылықты зерттеу барысында маған не ұнайды, нені жақсы көремін, маған ұнамды нәрсе, мен үшін қызықты, маған қажет, менің ойымша және пікірімше қандай да бір пікір-ойларын білдірді. Яғни таңдаудағы мақсаттары өмірлік мақсаттарына жету үшін жаңа нәрселерді үйрену, жаңа білім мен дағдыларды меңгеру, өз ісімнің шебері болу деп жазып өткен. 11-сыныптар арасында ҰБТ-ға дайындығын анықтау мақсатында саралаушы-диагностикалық сұрақнамасы алынды. «Д.Голланд»тесті «Табандылықты зерттеу». «Қызығушылық картасы». «Кәсіби ынталану».«Мен қаладым»
ҰБТ-ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту, бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту, оқушылардың көңіл-күйін көтеру, оқушыны стрестік жағдайдан арылту. Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерінен құтылуға, үрейді болдырмаудың алдын ала және психологиялық көмек көрсете отырып, бойларына сенімділік ұялату, жол білуге үйрету. 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау алдында, ҰБТ бойынша жылдық жоспар құрылып, мектеп директорына бекітілді. 11-сынып оқушыларымен төмендегідей жұмыстар атқарылды:
Психологиялық денсаулық туралы түсінік-лездеме«Социометрия әдістемесі» авторы, Дж. Морено-сауалнама,Кинезиологиялық жаттығулар
Оқушылардың мамандыққа бейімділігін анықтау –сауалнама
Түлектерге кеңес. ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу қажет- лездеме. Тиімді қарым-қатынас орнату жаттығулары. Стреске сіз сезімталсыз ба? –сауалнама. Стрестік жағдайдағы алғашқы көмек және антистрестік релаксация «Доктор, Синельниковтың» әуенді терапеясы. Формула ойындар С.Спилберггер бойынша өзін-өзі бағалаудың тұлғалық шкаласы-сауалнама Стрессіз емтихан тапсыру –кеңес Әрқандай жұмыс соңында нәтижесі тексеріліп хаттамаға түсіріліп отырылды.
Психологиялық түзету-дамыту жұмыстары.
1-сынып оқушыларына арналған түзету-дамыту мына бағытта жүргізілді. І. Зейінді дамыту: «Шатасқан сызықтар», «Шапалақ» ойыны, «Жер, су, ауа, от» ойыны, «Зейінді бол!» жаттығуы;
ІІ. Есті дамыту: «Қайтала» жаттығуы, «Қимылды есіңде сақта» ойыны, «Фигураларды есіңде сақта» әдістемесі, «Айна» жаттығуы;
ІІІ. Қиялды дамыту: «Аяқта», «Құрастыру» жаттығулары, «Ине мен жіп», «Түлкішек», «Пантомимо» ойындары;
ІV. Өзін-өзі бақылауын және қабылдауын дамыту: «Тыйым салынған нөмір» ойыны, «Лабиринт», «Үйшік» әдістемелері;
V. Ойлауды дамыту: «Қане тауып көр?», «Қай ойыншық», «Артығын ал» ойындары, «Сөзді аяқта», «Ұқсас сөздерді тап» жаттығулары;
5 сыныптар арасында «Амандасу», «Танысу», «Мен кіммін?», «Сыйлық», «Ассоциация», «Сөйлейтін мүсіндер», «Молекула», «Мен бейнесі», «Сиқырлы қобдиша», «Өкпені еріту», «Менің жағымды және жағымсыз қасиеттерім», «Тазару», «Гүлге қонған көбелек», «Шеңбер бойынша алғыс білдіру» т.б. оқушылардың өзін-өзі бағалау, зейін, ес, ойлау, қиял, есту есін дамыту, ойлау қабілетін байқау, шапшаңдықты айқындау, эмоциялық көңіл-күйін бақылау мақсатында түзету-дамыту жұмыстары осы бағытта жүргізілді. 6-8 сынып оқушыларынан «Қарым-қатынас және тыңдай білу» тренинг барысында «Бұзық телефон», «Әртүрлі қимыл жағдайларында тыңдай білу», «Сәлем, сәлем, сәлем!» сергіту жаттығулары, «Сіз тыңдай білесіз бе?» сауалнамасы, «Құпиялы қасиет», «Ақ пойыз», «Ұлу» ойындары жүргізілді. Мақсаты: қарым-қатынас маңыздылығын түсіндіру, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру, күнделікті өмірде осы қасиеттерді қолдануға үйрету.11-сыныптармен Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге оқушылардың психологиялық дайындық кезеңіндегі бітірушілердің мінез-құлық стратегиясы, стресс пен қорқыныштан арылу, өзіне сенімділігін арттыру мақсатында «Мен өзімді мақтаймын...», «Шынымды айтсам...», «Өз жұлдызыңды тап», «Жарайсың» т.б. тақырыптарға арналған тренинг-жаттығулар, эмоцияны басқаруға лекциялар, топтық пікір таластар және рөлдік ойын әдістері жүргізілді. Осындай жаттығуларды орындату барысында оқушы бойында жақсы дағды қалыптасады. «Сенім – менің серігім» тақырыбында «Досым, қалың қалай?» жаттығуы, «Сенімділік» жаттығулары жүргізілді. Мақсаты: ҰБТ-ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту, бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту, оқушылардың көңіл-күйін көтеру, оқушыны стрестік жағдайдан арылту. Мектепте 2018 жылдың 10.01 – 10.02 аралығында оқушылардың психологиялық денсаулық айлығы жүргізілді. Жоспар бойынша өмірдің қиын жағдайларын шешуге бейімдеу, суицидтің алдын алу мақсатында 5-11 сыныптардан сауалнама алынды. Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық-сауаттылық заман талабы», «Құқық әділет пен парасат жолы» атты тәрбиелік сағаттар болып өтті. Өмір құндылығы қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауда «Қарым-қатынаста жетістікке жету жолдары», «Қарым-қатынас жасай білу – үлкен өнер» шығармашылық жұмыспен қоса «Баланың қоршаған ортада адамдарға деген эмоционалды-құнды қарым-қатынасы» тақырыбында зерттеулер жүргізілді. Әлеуметтік жағдайларды қалыптастыру негізінде «Жанұя өміріне белсенді араласу» оқушылар арасында бақыланса, ата-аналар арасында «Мектеп, қоғам, жанұя» баяндамасы баяндалды. «Адам болам десеңіз» атты апталық сағаттары төмендегі бойынша «Жылы жүрек, жақсы тілек, мейірімділік асыл қасиет», «Ілім іштегі нұр, өнер сыртқа салынған түр», «Дәстүрлі ұлт – тәртіпті жұрт» тәрбиелік кеш пен сайыс сабақ өткізілді. Өзін-өзі тану пәні бойынша пән мұғалімі «Өмірің өз қолыңда» пікірлесу жүргізді, «Өзіңді өзің бағала» әдәсімен 5-8 сыныптар арсында тест алынды. 9-сыныптарға кәсіптік бағдар беру, 11-сыныптардың ҰБТ-ға дайындығын анықтау мақсатында сауалнама алынып, «Барлық мамандықтарда жақсы» пікір алмасу жүргізілді. «Денсаулық – зор байлық» демекші мектеп медбикесі Баудагулова Дана ұл-қыздар арасында гигиенаға байланысты әңгімелер, «Салауатты өмір салты», «Нашақорлық ХХІ ғасырдың індеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Өткізу мақсаты – жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, оқушының мінез-құлқын, денсаулығын және психологиялық ерекшеліктерін анықтай келе, өмірде жол табуға, өзін-өзі тәрбиелеуге кәсіптік жол таңдауға көмектесу. Кәмелетке толмағандардың аутодиструктивтік мінез-құлқына ықпал етуші жағдайлар мен себептерді анықтау мақсатында жоспар бойынша жұмыс атқарылды, топ мүшелері құрылып, педкеңесте қаралды.
Өзін-өзін бағалауы.Сана құрылымының негізгі төрт сипаты (қабылдау, ес, ойлау, қиял).Зейін тұрақтылығы деңгейі. Ойлау қабілеті деңгейі
Есте сақтау қабілеті деңгейі.Қарым-қатынас деңгейіДиагностика қорытындысы бойынша Қызжібектің диагностикалық картасы, психологиялық жеке картасы жасалынды. Сонымен қатар денсаулық жағдайын ескере отырып, мектеп директорының бекітімімен және оқу ісі меңгерушісінің келісімімен күнтізбелік жоспар бойынша түзету-дамыту жұмыстары «Көбелектерді жина», «Менің және анамның қолы», «Иә-жоқ», «Көліктер», «Өзіңді сүй», «Баға беру» жаттығулары, «Төрт апат» ойыны т.б. жүргізілді
Оқушының жеке-дара тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқулардан арылту, білім беруді жетілдіруде баланың ақыл-ойы мен танымдық процестерін дамыту.

Педагог мамандармен жүргізілген жұмыстар. 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі және мектепке дайындығын анықтау мақсатында жүргізілген зерттеудің қорытындысын мектеп әкімшіліктерімен бірлесе отырып, сынып жетекшілеріне және 5-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеудің қорытындысын сынып жетекшілеріне айту, ұсыныс жасау педагогикалық кеңесте қаралды. 5-сынып оқушыларына сынып жетекшілер тарапынан біріңғай талаптың қойылуына бақылау жүргізілді, бақылау барысында 5-сынып жетекшілерімен дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға көшу кезеңін бейімделу кезеңі дейміз, өйткені олардың пән мұғалімдері өзгереді, жаңа пәндер қосылады, бағдарлама күрделене түседі. Осы кезеңде бала бойында төмендегідей психологиялық өзгерістер болады: Балалардың мінезі өзгереді тез шаршайды, көңіл-күйлері бұзылады, оқу үлгерімі, мазасыздық, қобалжу сезімдері жиелейді. Осы тұрғыда сынып жетекшілермен дөңгелек үстел үстінде жұмыс жүргізілді. Пед.ұжым мүшелерімен түзету-дамыту жұмыстарын нығайту мақсатында бастауыш, орта буын, жоғарғы сынып мұғалімдеріне арнайы әр буын бойынша жас ерекшеліктерін, психологиялық қасиеттерін, отбасы жағдайын, жеке басының ерекшеліктерін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдерге психологиялық кеңес берілді. 9-11 сынып оқушыларының кәсіптік бағдар беру, мамандық саласын таңдау, ҰБТ-ға дайындығын анықтау мақсатында жүргізілген диаг-ностикалық зерттеу барысын, жалпы алынған нәтиже педагогикалық кеңесте қарастырылып, ұстаздар назарына ұсынылды. Суицид жасауға бейім жасөспірімдердің алдын алу мақсатында педагогикалық ұжым мүшелерімен пікір алмасулар жүргізіліп, баяндама оқылды. Мектепте сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балалар жиі кездеседі, мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар» қатарына жатқызады. «Қиын бала дегеніміз кім?» деген сұрақтар туындайды. Сол себепті ДТІЖО Мамбеткаримова Амина Сыражадиновнамен бірлесіп мұғалімдер арасында «Қиын балалардың психологиясы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Ата-аналармен атқарылған жұмыстар.
Оқу жылының басында 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі және мектепке дайындығын анықтау мақсатында жүргізілген зерттеудің қорытындысын, 5-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеудің қорытындысын, 9-11 сынып оқушыларының кәсіптік бағдар беру, мамандық саласын таңдау, ҰБТ-ға дайындығын анықтау мақсатында жүргізілген диагностикалық зерттеу барысын оқушылардың ата-аналарына ұсыныс жасау, сынып жетекшілермен бірлесе отырып, ата-аналар жиналысында қаралды. 1-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған өз балаңызды өсіруде белсенділігіңіз қандай және жанұя мен мектептің жалпы талаптарын құрастыру мақсатында пікір алмасу, сұрақтар, өсиет сөздер, ойындар, жаттығулар жүргізілді. Баланы мектепке дайындау барысында отбасы мен мектептің бірлескер жұмыстары туралы ата-аналарға кеңес берілді. Ата-аналардан төмендегідей сауалнамалар алынды. «Өз балаңызды өсіруде белсенділігіңіз қандай дәрежеде?».«Мектеп және отбасы байланысы». 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарынан «Оқушының мамандық таңдауда ата-ананың маңызы» тесті алынды.
Алдын алу жұмыстары.
Іле аудандық білім бөлімінің № 416 09.10.2018 ж бұйрығы сәйкес жоспар жасалынып. Балалармен жасөспірімдер арасында суицидті болдырмау және алдын алу жұмыстарын күшейту туралы бұйрығына сәйкес жұмыс жоспары бекітілді. Жоспар бойынша суицид жасауға бейім жасөспірімдерді анықтау мақсатында ай сайын сауалнамалар жүргізілді.
Қыркүйек айында суицид жасауға бейім жасөспірімдерді анықтау, қазан айында ақша сұрау туралы жөнінде, қараша айында Г.Айзенктің сұрақтар жинағы, желтоқсан айында Филипс әдістемесі, қаңтар айында «Қоршаған ортадағы адамдарға деген эмоционалды-құнды қарым-қатынасы» тақы-рыбында жүргізілген сауалнамалар, ақпан айында мектепішілік арасында, оқушылар арасында бопсалау, қоқан-лоққыға тап болған т.б. жайында алынған жасырын сауалнамалар, наурыз айында М.В.Хайкиннің «Аяқталмаған сөйлем...» әдістемесі, сәуір айында Басса Даркийдің эмоциялық тесті, мамыр айында суицидтік мінез-құлқына бейімділік деңгейін анықтау мақсатында В.В.Бойко бойынша жеке тұлғаның жабырқаулы көңіл күйге бейімділігін анықтауға арналған экспресс-тест алынды. Сауалнама нәтижесі сарапталынып, «Өзің таңдаған өмір» тақырыбында «Мейірімді жануар», «Ойлануға арналған балықтар» атты тренинг-жаттығуы жасалынды. Мақсаты: оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету, өзін-өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету, негативті импульсті шығару, жою. Жәнеде оқушылармен коммуниактивтік қарым-қатынасқа арналған психологиялық тренинг-жаттығу жүргізілді. Бұл тренингте, жаттығу арқылы бір-бірін жақсы білуге, ортада өз ойларымен бөлісуге, ашық болуға, ешнәрседен қорықпауға, өздерін еркін ұстауға үйретеді. «Жасөспірімдердің аутодиструктивтік мінез-құлқына әсер етуші жағдайлар мен себептердің алдын алу» кеңесі отырысында «Аутодис-труктивтік мінез-құлық . Әсер етуші жағдайлар мен себептер», «Әлеуметтік қиын жағдайдағы отбасылар, тұрмысы нашар отбасылардан өсіп жатқан жасөспірімдер туралы және кәмелетке толмағандардың арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жолдары», «Сабаққа келмейтін және жүйелі түрде себепсіз сабақ босататын оқушылармен әлеуметтік- психологиялық жұмыс жүргізу», «Құқық бұзуға бейім жасөспірімдердің мінез-құлық түрлері» баяндамалары директор жанындағы кеңесте оқылды.
Іле аудандық білім бөлімінің 2018 жылдың № 83 бұйрығы негізінде мектепте «Сенім поштасы» туралы №328 бұйрығы шығарылды. Бұйрыққа сәйкес «Сенім поштасына» жауапты адам белгіленіп, тіркеу және зерделеу журналы жасалынды. Аудан бұйрығымен, мектеп әкімшілігі келісімімен, кәмелетке толмағандар ісі жөнінідегі бөлімшесінің инспекторы тарапынан «Сенім поштасы» мектеп психологының кабинеті жанына орнатылды. Мақсат – оқушылар арасында өз ойларын айта алмай жүрген қандай да бір жағдайды «Сенім поштасы», арқылы жеткізу, сенім арта білу. «Сенім поштасына» мектеп психологы Тореханова Роза Турдыевна деп толығымен мәліметтер, телефон нөмірлері жазылды. Оған қоса жәшік ережелері, ұсыныстар, өтініштер көрсетілді. «Сенім поштасына» келіп түскен хаттар жоқ. Басқа арыз, шағымдар, хаттар болған жоқ. Соңғы кезде қоғамды алаңдатып отырған өзіне-өзі қол жұмсау қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселе болып отырғаны айдан анық. Осы мәселеге байланысты төмендегі іс-шаралар өткізілді. Мектеп оқушыларының жанұядағы психологиялық жағдайды және жеке тұлға ретінде әр сыныптың сынып жетекшілермен бірлесіп әлеуметтік паспорты жасалынды. Әлеуметтік қиын жағдайда, әл-ауқаты төмен жанұяларда өсіп жатқан жасөспірімдерді «Үй тұрмыс жағдайын тексеру актісі» негізінде анықталды. Оқушылардың әлеуметтік психологиялық ахуалын зерттеуде социометрия жүргізілді. Емханалық көмекті қажет ететін жасөспірімдерді анықтау мақсатында «Эмоционалды тұрақсыз, психикалық ауытқушылығы бар», «Алкогольге әуес, таксикомания мен нашақорлыққа икемді жасөспірімдер» тақырыбында тесттер алынды. Суицидке бейім кәмелеттік жасқа толмағандар анықталып, жанұясымен жұмыс жасалынды. Дөңгелек үстел, сынып сағаттары, сауалнамалар, әңгімелер т.б. іс-шаралар өткізілді. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу сұрақтары бойынша ата-аналарға, ұстаздар ұжымына кеңес берілді. Мектепте оқушылардың психологиялық денсаулық айлығы өткізілді.


Ұсыныстар:
Жаңа оқу жылына жоспар мазмұнын жетілдіру.

Өзіндік білімін жетілдіру жұмыстарын әрі қарайжандандыру мақсатында әр-түрлі психологиялық сайыстарға қатысу.

Түзету – дамыту жұмыстарына арналған бағдарламалан жоспарын жетілдіру.

Психолог кабинетін қажетті құрал-жабдықтармен әдістемелік үлестірмелі материалдармен толықтыру.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив