" Оқуға құштар мектеп ! " » №2 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданының білім бөлімінің
«№2 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Оқуға құштар мектеп ! "
04
февраль
2022

" Оқуға құштар мектеп ! "

"Оқуға құштар мектеп! "
 
     Оқуға құштар мектеп  жобасы аясында 8-9жас аралығында шешендік дағдыны қалыптастыру мақсатында 28 қаңтар күні "Шешендік-ұлт тектілігі" атты байқауы ұйымдастырылды.
    Мақсаты:Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін  бойына сіңіру.
   Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеуді ұрпақ бойынан көру.
    Шешендік – ұлт тектілігінің белгісі.
Шешендік – кісі көркі, ақылмен билеу өнері, тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Дидарласушымыздың жүрегі мен ақыл-ойын баурап алуға, оны не нәрсеге болса да сендіруге, иландыруға септесетін бізге берілген сый. Кез келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді өз ойына ойыстыра білу. Біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туындай келе, білгірліктен кейін тұрады. Сөз бен ойға негізделеді. Биік дүниетаныммен, ғылым-білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жөн-жосықтарын жүйрік танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой өрісінің кеңдігімен тамырлас. 
Шешендік сөздің әлеуметтік мәнін ұғындыру ici және мемлекеттік тілде шешен сөйлеу мәдениеті мәселесі аса өзекті. Ал жастарды шешен сөйлеу мәдениетіне баулу ici – өз алдына мән-мағынасы зор мәселе. 
Жоғары және орта мектеп (колледж, лицей, гимназия, т.б.) студент-шәкірттеріне арнайы пән ретінде оқытуды дұрыс мағынасында қолға алуы – ұрпақ алдында парыз ic.
Шешен болу үшін, тек туа біткен талант болу керек деген ұғым – бүгінгі таңда ақылға сыйымсыз, таяз ойлаудың айғағы. Өз ісінің майталман шебері болу – әркімнің қолында, тек жатыпішер жалқаулықтан сақтасын де. Халық айтады: «Сөйлей-сөйлей шешен боларсың» деп. Ғұламалар айтады: «Ақын туа қалыптасады, шешен жүре қалыптасады» деп. Дегенмен, көп көргеннің бәрі көсем, көп сөйлегеннің бәрі шешен еместігі де аян. Тегін түйіндер емес, астарында термен келер тәжірибе жатыр.
Қысқасы, шешендік – ел келешегі жастардың рухын аспандатар, асқақтатар өнер. Ал қазақтың халықтық рухы орасан. Тек рух сақталса ғана, жастар рухын оята білгенде ғана халық мерейі, абыройы қаз қалпында болмақ. 
шешендік шежіре-рухани байлық көзі. Халқымызға тән шешендік өнер тәліміне кейінгі ұрпақты тәнті етер болсақ, орасан рухани шапағат, парасат сыйлаймыз. Ал рухы зор, рухани бай ұрпақ – еліміздің сенімді келешегі.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив