Әйел-ана, әйел -ұстаз.
07.03.2023 жыл мектебімізде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік ісөшара өтті. Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Мерекелік іс шара барысында мектеп директоры Б.С. Сембаев барша нәзік жандыларды құттықтап, мектебіміздің дамуына үлес қосып жүрген бірнеше аруларға алғыс хат табыстады.