Мектеп өмірі! Мектебімізде 16-ақпан күні "Мектеп өмірі" атауымен мектеп газетінің тұсауы кесілді. » №2 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданының білім бөлімінің
«№2 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп өмірі! Мектебімізде 16-ақпан күні "Мектеп өмірі" атауымен мектеп газетінің тұсауы кесілді.
18
февраль
2022

Мектеп өмірі! Мектебімізде 16-ақпан күні "Мектеп өмірі" атауымен мектеп газетінің тұсауы кесілді.

Мектеп өмірі! 
    Мектебімізде 16-ақпан күні "Мектеп өмірі"  атауымен мектеп газетінің тұсауы кесілді. Газетте мектеп оқушылары мен ұлағатты ұстаздарымыздың шығармалары мен жетістіктері, еңбектері жарияланды. 
    Тұсау кесер салтанатын мектеп директоры Енсепова Жақсыгүл  Жақсылыққызы және ұлағатты ұстаз Байкубеков Тойлыбай кесті. 
    "Мектеп өмірі" атты мектепішілік газетімізді "Алматы" баспасы басып берді.
Редакторларымыз бастауыш пәні мұғалімдері-Байжуманова Назым,Зиятдинова Айгерім,көмекші редактор Шайхиева Ұлжан.Құрастырушылар қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері-Сатыпалдиева Гүлшаи,Мамбеткаримова Амина,Айдарова Замира.
    №1 газетте "Жеңістер мен жемістерге толы жыл болды",  " Саналы ұрпақ-ұлт болашағы",  "Ақын-халықтың ойын жеткізетін сөз шебері",  "Өнерлі оқушылар-біздің-мақтанышымыз",  "Кинотеатр біздің мектепте де бар",  "Ансеровтар отбасы жайлы айтсақ...."  , "Неше айырмашылық бар"  ,  "Сурет салып үйренейік",  "Жұмбақ жаттап жарысайық"  ,  "Мақал-мәтел-сөз мәйегі",  "Қысқа сөз жұмсақ" атты мақалалар жарияланды.

    Мектебімізде алғаш рет ашылып жатқан жаңалықтарымыз бен жобаларымыздың бастамасы құтты болсын! Мектебіміздің атын жақсы жағынан шығуына басшылық етіп үлесін қосқан мектеп басшысы Енсепова Жақсыгүл Жақсылыққызы мен шығармашыл ұстаздарымызға, білімді,дарынды оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз!
    Мектебіміз гүлденіп,өркендей берсін!Білімді, жұлдыз оқушыларымыздың жетістіктері көп болсын!!!





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив