Елін сүйген - Елбасы » №2 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданының білім бөлімінің
«№2 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Елін сүйген - Елбасы
30
November
2021

Елін сүйген - Елбасы

"Елін сүйген-елбасы "сурет байқауы! 
Мектебімізде қараша айының соңғы аптасында барлық сыныптапда 1-желтоқсан" Тұңғыш президент! " күніне орай, "Елін сүйген-елбасы!" тақырыбында сынып сағаттар, сурет байқауы өтіп жатыр. 
Мақсаты-оқушылардың елін, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, тұңғыш президент Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының еңбектері мен жетістіктерін кеңінен тарату.
Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы
The president дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы. (Ж. Аймауытов)
Осыдан отыз жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.
Менің Отаным осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды.

Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойлаMayтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы керек. Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесары атамызды айтсақ та жеткілікті болар.
Сол замандарда ел ақылды әрі айлалы ісімен, іскерлігімен сүйсіндіретін азаматтардың маңайына топтасқан. Main біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын ғой.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда Нұрсұлтан аға Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Ол кісінің бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
Маған қазір Нұрсұлтан аға ежелгі қазақтың тарих бетіне енген ұлы ғұлама, аты аңызға айналған тұлғаларымыздың жалғасындай көрінеді.

Қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Жалпы қазақ халқына осы тәуелсіз күндер оңай келген жоқ. Менің қазағым аштықты да, қызыл қырғынды да, Сталиндік репрессияны да бастан өткізді. Бірақ осы қиын - қыстау кезеңдердің бәрінде қазақ қазақтығын, елдігін көрсетіп, дәлелдеп отырды, қарсы келген дұшпанға айтарлықтай тойтарыс бере алды. Тіпті өзі қырылып қалса да дұшпанға берілмеді, ар - намысты таптатқызбады.

Міне, сондай қиын - қыстау замандардан өтіп, осы азаттықтың ақ таңы атқан күндерге жетіп отырмыз.
Үстемдігін жүргізгісі келіп айқасқандарға Елбасы емеурінмен:
Шалқайғанға шалқай,
Пайғамбардың ұлы емес
Еңкейгенге еңкей,
Әкеңнен қалған құл емес,- деген аталы сөзді айтқан.
Сөйтіп жүріп, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалыпты. Еліне сөз айтып, мына бір ойын өлең жолдарымен халқына жеткізіпті.
Омырауы уыз ананың,
Алсам ба деп еміп алғысын.
Бөрілі байрақ бабаның,
Баянды етсем деп мәңгісін
Қолымды созсам бірлікпен
Қолдайтын халқым бар.


Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив